тайды. (МК,Ұ) 2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға "Менің туған жерім - Қазақстан. Мен Қазақстанда тұрамын" де - ген сөйлем үлгілерімен таныстырады. Оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді. (МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар "Менің туған жерім - Қазақстан" деген сөйлемді қайталайды, сондай-ақ мұғалім оқушыларға тұрамын сөзінің болымсыз түрін (тұрмаймын) түсіндіреді. Оқушылар кесте бойынша тұрамын, тұрмаймын сөзін қолданады. "Мен Қазақстанда тұрамын" деген сөйлемді оқушылардың бәрі айтады, ал Алматы, Астана қаласы туралы айтқанда, оқушылар шынайы жауап береді.
Мысалы: "Мен Астанада тұрамын" немесе "Мен Астанада тұрмаймын".
(МК, Ж) 4-тапсырмада оқушылар "Сен Алматыда (Астанада/Қазақстанда) тұрасың ба?" деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі.
(МК, Ұ) 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды Қазақстандағы екі үлкен қала туралы "Алматы мен Астана" деген өлеңмен таныстырады:
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы,
Ақ басты тауы бар -
Алматы қаласы.
(С. Оспан)
Сабақта өлеңді тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.
(ОТ) Сабақтың соңында оқушылар "Менің туған жерім" деген тақырыпта сурет салу арқылы өздерінің туған жерге деген сезімін білдіре алады.
Оқулық
Аудиодиск: 6. 1. 1. ; 6. 2. 2. ; 6. 2. 4. ; 6. 3. 4. ;
(МК, Ұ) Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің қ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды қ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға қ дыбысын айтқан кез
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>