Менің сүйікті ойыншықтарым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

асырамын егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, Көк - теңбіл.
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған. (домбыра)
Қане балалар сендерге ойыншықтар туралы тақпақ айтып берейін.
Бізде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ бұйырсақ.

Сергіту сәті
Тікірейіп екі құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
Секірем деп үстелден,
Құлап жүрме мысығым.
(Осы кезде есік қағылады, Сайқымазақ өзінің достарын ертіп келеді. )
Балалар мені таныдыңдар ма?
Менің достарым сендерге өз ойларын айтқысы келеді, оны есту үшін менің сыйқырлы сөздерімді қайталаңдар "Рэкс, Пэкс, Фукс" Ойыншықтарға тіл бітеді
Аю: Мен бал құмар аюмын, қорбаңдаймын ол рас ойнауды мен ұнатамын, тек өтінемін құлағымнан тартпаңдар.
Күшік: Мен күшікпін "аф - аф" мен сендерді қорғаймын, тек құйрығымнан тартпаңдар.
Қуыршақ: Мен әдемі қуыршақпын қыздарды жақсы көремін, тек шашымнан тартпаңдар.
Балалар ойыншықтарына ұқыпты қарауға, бәрімен дос болуға уәде береді.
Сайқымазақ ойыны: Балалар мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді Ойнайсыңдар ма?"Ойыншықты сипатта" ойынның шарты бойынша ортаға шыққан баланың көзін байлап қолына ойыншық ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы атау.
Балалар мен де өзіммен бірге сүйікті ойыншығымды алып келдім. Мен де сендер сияқты кішкентай кезімде осы ойыншықпен ойнағанмын. Мен де ойыншығымды ұқыпты, таза, кірлетпей ойнадым. Қараңдаршы әлі де жап - жаңа, тап - таза. Сендер де ойыншықтарыңды таза, ұқыпты ұстаңдар. Осы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: