Менің сүйікті ойыншықтарым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

- райы қандай болады?
4 Сүйікті ойыншығың қандай?
Тәрбиеші: Балалар енді "Ненің суреті жасырылған?" ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, ит т. б
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?
- Ойыншықтардың
- Жарайсыңдар, дұрыс. Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына жасырылған?
Балалар сендер үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен ойнайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы айтамыз!
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)

Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
5. темірден
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдер ме?
Нұрхан
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Меруерт
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Қобылан
Рельстің жолы ұзын,
Мынау менің пойызым.
Тақ - тұқ жолға шықтық,
Тақ - тұқ шамды жақтық.
Нұрасыл
Кесе - шыны пияла,
Оларсыз шәй құя ма.
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз.
Дидактикалық ойын: "Кім жылдам?"
Балалар мен енді жұмбақ ж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: