2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім - гүл өсіру
Сабақтың мақсаты:
1. Түрлі интерактивтік әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;
2. Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілін қалыптастыру;
3. Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, жеке жұмыс, ауызша, жазбаша, ізденіс,
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ноутбуктағы тапсырмалар, жұмыс парағы, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу
Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сөздік жұмыс
Аулада - во дворе
Гүл - цветок
Өсіру - растить
Суғару - поливать
ІV. Тапсырмалармен жұмыс
1 - тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін оқы, аудар.
гүл әдемі гүл көп гүл
менің гүлім гүл өсіру гүл суғару
2 - тапсырма. Біліп ал
Қалампыр Түймедағы
3 - тапсырма. Мәтінді оқы.
Бұлар - Санжар мен Самат. Олар аулада жүр. Самат гүл отырғызды. Санжар гүлдерді суғарды. Олар гүлдерді жақсы көреді.
4 - тапсырма. Өлеңді оқы, жаттап ал.
Су құям гүлге
Ұмытпай күнде
Су құям гүлге
Жайнайды гүлім
Құлпыртып түрін.
(К. Сауғабаев)
5 - тапсырма. Сұрақ - жауапты оқы, сөйлеп үйрен.
oo Бұлар не?
oo Бұлар - гүлдер.
oo Қандай гүлдер?
oo Үй гүлдері
oo Олар қандай?
oo Олар әдемі.
oo Қайда тұр?
oo Терезеде тұр.
oo Неше гүл?
oo Екі гүл.
V. Бағалау
VI. Қорытындылау
VII. Үй тапсырмасы: к
Страницы: 1 | 2 > >>