Менің отбасым Ашық сабақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: "Менің отбасым"
Мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету
2. Дамытушылық мақсаты: Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту
3. Тәрбиелік мақсаты: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, слайд, шаңырақ
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ жауап, сергіту сәті, шаттық шеңбер, мадақтау, қорытындылау.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз болып көрінер
-Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
-Ал, киіз үйде кім тұрады?
-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Балалар шаңырақпен шаттық шеңбер жасайды





-Киіз үй

-Ата, апа, әке, ана
-Отбасы
Ұйымдастыру іздестіру
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
-Иә, балалар, барлық үйдің отбасы болады олар бір бірімен тату тәтті тұрады.
-Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар?
-Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
Олай болса бәріміз тақтаға слайдқа назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
-Иә бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: