Менің отбасым

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім саласы: Таным . Жаратылыс
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреті, текшелер, үлестірмелі суреттер.
Қызымет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Ә. Қонарбаевтың "Бала, бала, балақан" әні орындалады.
Балалар өліңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыспен жасайды.
Ізденістік
Ұйымдастырушылық
1. Әңгіме жүргізу.
-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?
-Иә біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ- отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы- бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Отбсының болуы - үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы- ол бақыт,
Отбасы- ол ата- ана,
Отбасы - туыстарымыз,
Отбасы- ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға іні қарындас т. б.
2. Сергіту сәті: Е. Өтетілеуұлының "Бес саусақ " өлеңімен орындалады.
3. Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызыу.
-Мында отбасын ата, аже бар екен, тағы кім бар?
-Төрде кім отыр?
-Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.
-Шайды кім құйып отыр?
-

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: