Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
Чистов ауылы Чистов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Ілиясова Гүлжамал Баянқызы
Сабақтыңтақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
І. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: "Менің Отаным - Қазақстан" модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену, жұмыстану қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұтымды, дәл жауап беруге баулу.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды сабақ барысында ата - дәстүрімізді құрметтей білуге, сүюге, адамгершілікке, шешендікке, өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сөз құдіретін тани білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: викторина.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет, математика.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кинофильмдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті, қадірменді оқушылар, қонақтар бүгінгі біз "Отан" тақырыбына арналған викторина сабағымызды өткіземіз.
Бүгін сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бұл өлең не туралы айтылған?
- Туған жер, Отан туралы.
- Отан деген не?"Отан" туралы не білеміз?
- Отан деген адамдардың туып - өскен жері.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>