Менің мінезімнің күшті және әлсіз жақтары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Менің мінезімнің күшті және әлсіз жақтары.
Мақсаты:Жақсы мінез адамды бақытқа жеткізетін шынайы жол екенін ұғындыру
Қолданылған материалдар: Мінезді анықтайтын белгілер,мінез - құлықтың түрлері
Қ. Нақысбеков
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

"Қорғасындай балқыған қайран жақсы"

Иә, жақсы мінез түгесілмес байлығың, жаман мінез ғұмырлық азабың-дегендей жақсы мінез-құлық адам өмірі нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.



Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,
Жақсыдан еш сыр қалмас айтылмаған.
Сұңқарға жұмыртқасын шайқатсаң да,
Қарғадан қарға туар қарқылдаған.
Көгентүп көнелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген. Атақты ғұлама Жүсіп Баласағұн:
"Құрсақта біткен мінез қара жерге енеді, сүтпен біткен мінезді өлгенше өзгерте алмайсың".
Қазақта да: "Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді" деген мақал бар.
Мұхаммед пайғамбар:
"Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім. Алланың мінезінен үлгі алыңдар"-деп мінездің тәрбиелік және көркемдік маңызына назар аударға
Тапсырма
( Берілген мәтінді оқып, ойын ортаға салады)
Адам бойындағы қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?
Өз мінезің туралы не айтар едің?
Мына мінездердің қайсысы сенің мінезіңе сәйкес келеді?




Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: