> Жібектей есілген мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.
Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді "ақылды тентек қой" деп те жатады.
Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.
Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.
Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.
Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.
Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.
Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән.
Тура мінез- қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән.
Шапшаңшыл- ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән.
Өзінің мінезін ашық айта алу да, мінезіндегі міндерді мойындауда -ерлік. Берілген мінез түрлеріне қарай отырып, әрбір оқушы өзінде бар жақсы мінезін айтып, кейбір мінезінің міндерін түзеуге болатындығын бүгінгі сабақтағы ғұлама, данышпан ұлылардың сөзінен де үлгі алатындығын басым айтты.
Мінез
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>