Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Өткізген: Каримжанова Т. К.
Топтың жас ерекшелігі: ересек топ
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: "Менің ертегідегі сүйікті кейіпкерім"
Мақсаты: балаларды ертегілер мазмұны бойынша сурет салуға дағдыландыру.
Міндеттері:
БМ: балаларды ертегідегі сүйікті кейіпкерімді сурет салуға үйрету, пішінді, түстерді дұрыс таңдауын бекіту;
ДМ: шығармашылық, эстетикалық талғамын дамыту;
ТМ: таза жұмыс істеуге, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданатын құралдар: демонстрациялық материалдағы "Қызғаншақ екі қонжық", "Қызыл телпек", "Маша мен аю" суреттері, қарындаш және қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: кейіпкерім.
Қостілділік компонент: сүйікті кейіпкерім- любимый герой, ертегі - сказка.
Қызметтің кезендері:
I. Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
-Бүгін біз бір - бірімізге осы уақытқа дейінгі өзіміз айтып жүрген ғажайып, жылы сөздерді сыйлайық. Жылы сөздерімізді алақандарымызды түйістіріп білдірейік.
Балалар щеңбер бойында тұрып бір - біріне жақсы тілектер айтады.
II. Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалардан ертегілер жайлы сұрау.
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
-Иә.
- Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
- "Мақта қыз бен мысық", "Бауырсақ", "Қызғаншақ екі қонжық" т. б
- Ертегілер несімен ұнайды?
-Өте қызықты.
1-2 бала өзі ұнататын ертегінің кейіпкері туралы айтады.
-Сендер "татулық" деген сөзді қалай түсінесіңдер? Тату деп кімді айтамыз?
-Татулық- достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір- бірін тыңда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: