Менің денсаулығым-менің болашағым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

quot;


Тренинг. "Денсаулық вальсі"
Мақал- мәтелдердің жалғасын табу арқылы әр адам өзінің билейтін жұбын табады. Сергіту мақсатында әрбір жұптарға ортада вальс билетіледі.
1. Топтарға сұрақ қойылады :
Салауатты өмір салты дегеніміз не ?
(топ мүшелері өз түсініктерін параққа жазады бүктеу арқылы, содан кейін екі (қыз, ер) оқушы шығып, ақ қағазға жазылған анықтаманы оқып шығады.
Әр топ өз анықтамасын жазады.
Тақтада ғылыми тілде жазылған анықтаманы көрсету.

1. Салауаттылық өмір салтын ұстану ережелерін құрастыру.
Әр топ кластер дайындап қорғайды. (парақ тарату)

"Өзім үшін жазу әдісі"

Біз бүгінгі кешімізде ЖҚТБ жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегінде өз ойымызды ортаға салып,жолдастарымыздың пікірін білдік,тыңдадық. Сіздердің әрқайсыңыз өмірдің әртүрлі кезеңдерінде өздеріңізді жігерлендіріп,рухтандырып,кейде дәптеріңізге, күнделіктеріңе бір ой толғам жазасыздар немесе өз-өзіңізбен кеңесіп,өздеріңізге сөз бересіздер. Дәл осы қазір осы мәселе төңірегінде берілген тақырыптарға өз пікірлеріңізді жазыңыздар. (парақ тарату)

1. Мен өзім үшін 8сынып
2. Егер де мен. . . . 9сынып
3. Мен,20 жылдан соң. . . . . . 10 сынып


ІІІ. Қорытынды
Жас жеткіншек!!!
Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден,ішімдіктен,есірткіден аулақ болыңдар. Өздеріңіздің бос уақыттарыңызды әрқашан пайдалы іске жұмсаңыздар. Өз тағдырың өз қолыңда. Денсаулықтарың мықты болсын,спортпен шұғылданыңдар. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені, Сіз-тәуелсіз еліміздің болашағысыз









Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Дені саудың- жаны сау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: