Тақырыбы: "Менің - бақытты отбасым!"
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым - қатынасты жақсарту.
Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренинг бағдарламасы:
oo І. Кіріспе
oo ІІ. Негізгі бөлім:
oo 1. "Мен үшін қымбат. . . "(Ой қозғау)
oo 2. "Бала деген кім?"(Ой қозғау)
oo 3. "Жүректен шыққан жылы сөз":
oo А)"Мейірімділік шуағы";
oo 4. "Жағымсыз қылықтар"
oo 5. "Жақсы қасиеттер"
oo 6. Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
oo 7. "Кеш қалмаңыз"
oo 8. Жаттығу "Тілек шырағданы"
oo 9. Ойтолғаныс
І. Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: "Менің бақытты отбасым" деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын . . . . адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата - ананың бірінші мақсаты - қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
етпеу болып қалды. Бала - шағаның қамымен жүрген ата - ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" демекші жақсы - жа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>