Менің Қазақстаным

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Тыңдаушылардың жалпы Қазақстан елі туралы білімдерін кеңейту, ел тарихын білу, еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырып, білімдерін нығайту.
2. Дамытушылық. Тыңдаушыларға мәтінмен жұмыс істете отырып, сөздік қорын молайтып, ауызекі сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, ойларын ашық жеткізуге үйрету.
3. Тәрбиелік. Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін біліп, туған жерін сүюге, оны қадірлеу және елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,суреттер, кестелер, кубик, проектор, компьютер
Сабақтың барысы:
Құрметті тыңдаушылар, ұстаздар, бүгінгі ашық сабағымызды бастауға рұхсат етіңіз.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқытушының сөзі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - "Менің Қазақстаным". Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Әр адамның туып-өскен жері бар. Әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның Ата заңы - Конституциясы қабылданды. Рәміздерімізбен мақтанамын. Ал, енді "Туған жер" сөзіне ассоциация құрыңыз.
1. Ой қозғау. "Туған жер" сөзіне ассоциация құрыңыз.

Туған жер




Ал, енді сіздер Қазақстан туралы не білесіздер.
1. Еліміз қашан тәуелсіздігін алды?
2. Еліміздің рәміздерін атаңыз?
3. Әнұранның авторлары кімдер?
4. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?
5. Ата заңымыз қай жылы қабылданды?
6. Қазақстанда қазір қандай атаулы даталар болып жатыр?

2. Лексика

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: