лық минимуммен танысайық!
орталығында орналасқан - расположена в центре
таңғаларлық әдемі жер - удивительно красивая земля
шетсіз-шексіз дала - бескрайние степи
шектеседі - граничит
әртүрлі ұлт өкілдері - представители разных наций
көшірілді - перенесли
гүлденген астаналардың біріне айналмақ - стать одной из процветающих столиц
мақтаныш ету - гордиться
құрмет тұтамын - люблю
сыйып кетеді - вмещает
ОҚЫЛЫМ
Менің Қазақстаным
Менің Отаным - Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстан - таңғаларлық әдемі жер. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз-шексіз дала жатыр. Қазақстан жер аумағының көлемі 2 млн 724,9 мың шаршы километр. Жерінің аумағы бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орында тұр. Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Португалия, Испания, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия мемлекеттері сыйып кетеді. Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанмен, шығыста Қытаймен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.
Қазіргі кезде ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион 98 мың адам тұрады. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.
Қазақстан тәуелсіздігін жүзден астам мемлекет таныды. Еліміздің астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. Бүгінгі таңда Астана - мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әкімшілік, мәдени орталығы.
ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.
Мен елімді, халқымды құрмет тұтамын.
Мәтін бойынша тапсырмалар
4. Суреттер мен сөздерді байланыстырыңыздар.
кең - байтақ дала - даланы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>