Менің ана тілім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Тіл туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту әрі ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
б) тәрбиелік: Сөз құдіретінің адам өміріндегі маңызын ұғындыру әрі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, тілдіқұрметтеуге тәрбиелеу;
Негізгі идеялар: Оқушылар тақырыптың мағынасын ашады, ана тілі туралы түсінік алады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Ана тілі туралы мәліметтер алады, қолданады, жинақтайды, көшбасшылықты анықтайды.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық ,топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі:кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс:орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Кезекшінің мәліметі
Психалогиялық хал-ақуал
Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Сыныпты кеспе қағаз арқылы топқа бөлу. І-топ «Қазақ тілі», ІІ-топ «Орыс тілі» және ІІІ-топ «Ағылшын тілі».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сөздікті жатқа айту. Мәтінді мазмұндау.
3-тапсырманы тексеру. «Кітап, оқулық, күнделік» сөздерін үш топ тәуелдейді.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бейнекөрініс арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Ана тілім - болашағым, өркенім,
Ана тілім - болашағым, ертеңім.
Ана тілім - сайыс далам, жер көгім,
Ана тілім - арман, ойым, көрнегім.
Бауыржан Момышұлы. ғаламтор.
-Балалар бейнекөріністен не көрдік және Бауыржан атамыздың өлең шумақтары не туралы екен, қалай ойлайсыңдар сабағымыздың тақырыбы қандай?
-Дұрыс айтасыңдар « Ана тілі».
-Онда біз бүгін, сендермен «Менің ана тілім» тақырыбымен танысамыз.
1 – тапсы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: