е жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің? - деп жырлаған Мұқағали ақын. Махаббат
әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол "нағыз махаббатты армандады", ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Ендеше, ақынның махаббат тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз "Махаббат диалогы" өлеңі оқылады (махаббат туралы слайдтар) 1-жүргізуші: Ақынның "Аманат" жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 - ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері "Есіме мен алғайсың" , "Күрең күз", "Сәби болғым келеді", "Құттықтаймын мама, туған күніңмен", "Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)", "Саржайлау", "Фаризаға", "Дариға, домбыраңды бері маған", "Бала ғашық", тағы басқа әндері.
2-жүргізуші: - Өлең- өнер, өлең-дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағазда иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Талантты ақын Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне ән жазылып, сахна төрінде шырқалып жүр. Олай болса, ақынның әндеріне
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>