ы ақынның қай өлеңін алсақ та, әнге сұранып тұратыны шындық. "Сәби болғым келеді" деп аталатын жыр шоғыры биік жан дүниеңді шымырлатары анық. М. Мақатаев сөзіне жазылған "Сәби болғым келеді" әні орындалады. (Бейнеролик "Сәби болғым келеді")
1-жүргізуші: - Ақын өз Отанын сүйе білді, туған жердің әрбір тасын, құсын, жәндігін жырға қосты.
"Қазақстан" өлеңі тыңдалады.
Ақынның Отан, туған ел туралы өлеңдері оқылады
2-жүргізуші: - Мұқағали әр күні, әр сағатта халықпен бірге жүрді. Халықтан үйреңді, халқын сүйді. Оның әрбір сөзін алтынға бағалады.
Халқына арнаған "Үш бақытым" өлеңі тыңдалады 1- жүргізуші: -Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер жыр бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт деген - асыл болса, бір мысқал,
Бақыт деген - уақыт болса, бір-ақ сәт. Бақытты құрайтын махаббат па әлде махаббатты құрайтын бақыт па деген түйіні тереңде жатқан сауалды ақын өзінше тұжырымдайды.
"Бақыт деген" өлеңі тыңдалады.
2- жүргізуші: - Табиғат, жанымды алсаң, алшы мені,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Артында қалсын жерім, қалсын елім.
Мұқағали поэмасында тереңдік, сұлулық, қарапайымдылық, асқақтық бар. Оның көңіл-күй сезімі табиғат мезгілдерімен үндесіп жатады. "Таудағы көктем" және "Көктем де келер" өлеңдері оқылады.
1-жүргізуші: - Енді осы туған жердің, туған елдің иесі- біздер, яғни, Мұқағалидың ұрпақтарымыз. Туған табиғатты, туған өлкені әнге қосамыз. "Саржайлау" әні орындалады
2-жүргізуші:Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі - бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінд
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>