Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ботанова Орасқан Чокановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы
"Гуманитарлы - экономикалық колледж " мекемесі
Қазақстан Республикасы, Семей қаласы,
Бірінші май көшесі, 28 "Б"
"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін. . . "
Сабақтың мақсаты: Білімділік: М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату. Білім алушыларды поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын дамыту.
Дамытушылық: Білім алушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту; ғылыми ізденіске жол ашу, ойлау қабілетін, сана-сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, білім алушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: коммуникативтік (қарым-қатынастық), жартылай ізденушілік, сұрақ-жауап, жобалау әдісі, мәнерлеп оқу
Интеграциялық мүмкіндігі: музыка, қазақ тілі, тарих, информатика
Көрнекілік: М. Мақатаевтың портреті, интерактивті тақта, білім алушылардың жобалары,презентациялар, бейнефилмь "М. Мақатаев дауысы",өлеңдер жинағы, оның өлеңдеріне жазылған әндер,слайдтар, кітаптар көрмесі
Сабақ барысы:
1- жүргізуші: - Армысыздар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!
2- жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, білім алушылар!
Мәңгілікке өзіммен ала кетер
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!. . . деп қынжыла жазып, өмірдің базарынан
жылап қайтқан қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі - Мұқағали Мақатаевқа арналған
"Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1- жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: