Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы жайлы түсіндіру, әдептілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәтін ашу.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеуге, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздегі дыбыстарды анық дыбыстап, байланыстырып сөйлеу әрекетін жетілдіру.
3) Тәрбиелігі: Ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жер байлығы кең екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
- Бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр екен, қонақтармен амандасайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
"Сыйға - сый" мәтінін оқып әңгімелеу. . Сурет салып келу, жасаған жұмыстарын көрсету.
- "Сыйға - сый" мәтінінен не білдіңдер?
- Ағашты біз өсіреміз, суарамыз, ағаш бізге жемісін береді, ондай баланы біз не дейміз, әдепті бала дейміз.
Бейне фильм ұсыну әдептілік туралы
Мен және басқалар сөзінде не жасырылған оның негізі неде?
Адам басқа адамдармен де тығыз байланыста болуы керек мән беруі керек . Айналасына жақсылық жасауы керек, әдепті болуы қажет.
Қай кезде аналарың қуанады?
- Әрине "Ана мен бес алдым" дегенде
- Жақсы оқысаң қуанады. Бұл ана мен баланың жақсы қарым - қатынасы. Ал, баласы жағымсыз қылық жасаса, анасы ренжиді. Егер бала өзінің жағымсыз қылығын түсінсе, анасынан кешірім сұрағаны жөн.
Оқулықпен жұмыс:<
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>