Тақырыбы: Мен біріншіге барамын!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, " Мен біріншіге барамын !" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
ҚР Гимні айтылады
Құттықтау сөз кезегі Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Лашынова Айнагүл апайға беріледі.
Жүргізуші:
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Тақпақ: Айым, Қайсар, Сымбат, Аңсат, Раян,З. Жаннұр
Айым
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Қайсар
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік.
Сымбат
Даярлықпен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Аңсат
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретінде
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>