й мақтана.
Раян
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
З. Жаннұр
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап жүрген шақта,
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
Ән: "Анашым " З. Жаннұр
Тақпақ: Азат, С. Жаннұр, Марғұлан, Ұлжан, Азамат,Дильназ
Азат
Алты жасқа толған біздей баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды биыл міне балаңыз.
С. Жаннұр
Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнді саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Марғұлан
Мектепке мен барамын,
Кілең бестік аламын.
Ата-анамды қуантып,
Үлкен азамат боламын.
Ұлжан
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің,
Таудай боп шығасың.
Азамат
Өсті ақыл ойымыз,
Өсті міне бойымыз.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойымыз.
Ойын: "Ия, жоқ" балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Би: Чип чирик-чип чик (Сымбат, Ұлжан, С. Жаннұр,Нұргүл)
Тақпақ: Нұртуған, Ұлбибі, Нұрталап, Жансая, Ғабит
Нұртуған
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Ұлбибі
Мен қайырымды баламын,
Тек жақсылық ойлаймын.
Кішілерге қамқормын,
Біріншіге дайынмын.
Нұрталап
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>