Мен қандай оқушымын?
Мақсаты: оқушыларды жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Міндеттері: оқушыны жақсы дүниелерді бойына жинай білуге, ешқашан жалған айтпауға, адамгершілігі мол оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, дәйек сөздер, «Менің атым Қожа» кинофильмі.
Барысы
Психологиялық тренинг. «Мен қандай оқушымын?»
Оқушыларға сабақ басталмас бұрын түрлі фигуралар (өз қалаулары бойынша) таратылады.
Дөңгелек – алғыр, зерек, алға қойған мақсатын орындамай қоймайтын, нағыз ақылдылар.
Төртбұрыш – шығармашыл, тапқыр, ізденпаз, үнемі жаңалыққа жаны құмар оқушылар.
Үшбұрыш – мейірімді, адамгершілігі мол, тәрбиелі, ата-анасының сүйіктісі, инабатты, ибалы балалар.
Жүргізуші: Міне, біздің сыныпта ең керемет, ақылды, зерек оқушылар жиналыпты. Сол үшін қол шапалақтап. .
балалар, жақсы азамат болу үшін не істеуіміз керек?
сабақты жақсы оқуымыз керек.
өтірік айтпауымыз керек.
үлкенді тыңдауымыз керек.
кішіге қамқор болуымыз керек.
қашанда оқушылар бір-бірімізбен тату болуымыз керек.
Жүргізуші: Жақсы, олай болса назарымызды тақтаға аударайық.
1-слайд
Бұл бала кім? (Қожа)
Киносын көргендеріңіз бар ма? (бар)
Ал кітабын оқығандарыңыз бар ма? (жоқ, енді оқимыз)
Бүгінгі әңгімеміз Қожа туралы болмақ.
2- слайд
Неге Қожа Жантасты щыбықпен тартып жіберді?
Жантас Жанардың көзінше Қожаны мазақтады.
Қожаның ісі дұрыс па? (Оқушының жауабы)
3-слайд
Мұғалімін алдаған Қожаның ісі дұрыс па?
Қалай ойларсыңдар?. . .
Егер алдамаса қожаға кітап жетпей қалуы мүмкін бе еді. . .
r
r
摧㧋ᤀҚожаның орнында сен болсаң не не істер едің?
4-слайд
Осы көріністе Қожаның іс-әрекеті дұрыс па?
Қалай ойларсыңдар?. . .
Страницы: 1 | 2 > >>