Мен қандай оқушымын

Страницы: <<  <  1 | 2

/>Жігітше сыртқа барып сөйлесу керек еді
5-слайд
Мұғалімнің сөмкесіне бақа салғаны дұрыс па?
Қалай ойларсыңдар?. . .
Қожа мұғалімнің қорқатынын білмеді.
«Қызық болатын шығар» деп ойлады.
Арты немен аяқталатынын білмеді.
6-слайд
Осы көрініс бойынша Қожа қандай бала? Қалай ойлайсыңдар?
Өз қатесін мойындайды ма?. .
7-слайд
Мұғалімдер жиналысына түскенде мойындады ма?
Сабақ үлгерімі қалай екен. . .
8-слайд
Осы сюжет бойынша Қожа өзін-өзі тәрбиеледі ме. . .
Өзіне қандай шарттар қоя білді
Жүргізуші: Олай болса осы сюжеттер бойынша Қожа қандай оқушы екен. . .
Жүргізуші: Сыныпта Қожаға ұқсайтын оқушы бар ма? Ол кім? (Оқушылардың ойы)
Жүргізуші: Балалар, біз Қожаның тек жақсы қасиеттерін алайық. Өз бойларыңдағы жақсы қасиеттер ескере отырып «Менің бойымдағы жақсы қасиеттер» деп мына плакатқа жақсы қасиеттеріңді теріп жазыңдар. (Оқушылардан жауабы алынады).
Сиқырлы таяқша ойыны: «Мен қандай оқушымын?» (Қайталау керек)
Мен тәртіпті оқушымын.
Мен алғыр оқушымын.
Мен мейірімді оқушымын
Мен жақсы оқимын.
Мен сабақтан қалмаймын.
Мен өтірік айтпаймын.
Қорытындылау
Мектебім менің класың, (Қолдарын екі жаққа жаяды)
Осында он жыл тұрасың. (Он саусағын көрсетеді)
Тарыдай болып кіресің. (Орындарына отырады)
Таудай болып шығасың. (Қолдарын жоғары көтеріп, орындарынан тұрады)

Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал 6 /2017 жыл
2. Ғаламтор желісі




Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: