Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында да балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне , денсаулығына , дамуына дербес жауап береді. Меңгеруші мен тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысында басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып , сауықтыру шараларын жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз- балаың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты , белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейдейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-аналардың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балалардың күн тәртібін орындауға үйренетеді,, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
3. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған "Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздік және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан -2030 даму стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР үкіметінің 1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында салауатты өмір салты қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрі де

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: