МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕНІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

й да болса да бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке шоғырлануы.
Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі
Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл - ойдың дамуымен тікелей байланысты. "Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр" деп В. Г. Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту - тіл дамытумен ұштасады. Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: