МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕНІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

с-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда "Сезіну-танып білу- жүзеге асыру" - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады. Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
:: Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
:: Бақылауды өткізу орны және уақыты.
:: Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
:: Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
:: Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
:: Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
:: Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
:: Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
:: Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр ба

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: