5сынып.
Сабақтың тақырыбы: Мектебім- алтын бесігім.
Сабақтың мақсаты: "Мектеп" тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Зат есімнің септелуін, тәуелденуін,көптелуін қайталау, білімдерін тиянақтайды, Сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыра біледі,өз ойларын толық жеткізе алады.
Сабақтың түрі: Жалпылау сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ .
Сабақтың әдісі: Интерактивтік оқыту әдісі,СТО, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтін, сәйкестендіру парақтары, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Cәлеметсіздер ме, балалар?
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Аптаның қай күні?
1. Психологиялық тренинг.
"Кім жылдам?"жаттығуы. Қатысушлар шеңбер құрып отырады. Доп лақтырған адам мына үш сөздің ауа жер мектеп сөздерінің біреуің айтады, жер дегенде аңдарды, "ауа" дегенде құстарды, "мектеп" дегенде мектепке қатысты сөздерді атайды.
2. Топқа бөлу. сөздер арқылы Кім?сұрағына жауап беретін сөздер бір бөлек. Не? сұрағына жауап беретін сөздер бір бөлек.
3. Сәттілік тілеу.
4. "Миға шабуыл&qu
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>