атын сейсмикалық толқындар. Көлденең толқындардан басқа толқынның таралу бағытында тербелуі кезінде бойлық толқындар да болады. Бойлық толқындардың пайда болуын бір ұшы тірекке бекітілген серіппенің көмегімен бақылайық. Егер серіппенің бос ұшы жағынан соғатын болсақ, онда серіппе бойымен сиреулер мен шоғырланулардан тұратын толқын жүгіріп өтеді.
Қосымша 2 Механикалық толқындар
Механикалық толқынды оқып-үйрену толқындық қозғалысты көрсету арқылы басталады. Мысалы 16-суретте ұзын серіппені көлденең жіпке іліп бір шетінен қолмен қағамыз (16,а-сурет)
Соққыдан серіппенің бірнеше орамдары сығылады да, серпімділік күші пайда болады, оның әсерінен бұл орамдар қайта таралады. Нәтижесінде серіппенің бір жері шоғырланып, (16,ә-сурет) екінші жері сирейді. Егер серіппенің шетін қолмен бірқалыпты қақсақ, онда бүл қүбылыс қайталанады (16, б-сурет). Осылайша серіппенің орамдары өзінің тепе-теңдік қалпының маңында тербеледі. Бұл тербеліс орамнан-орамға бүкіл серіппені жағалай беріледі. Басқаша айтқанда, серіппені жағалай оның сол шетінен оң шетіне ұйытқу тарайды, яғни ортаның жағдайын сипаттайтын кейбір физикалық шамалар өзгереді.
Бұл жағдайда ұйытқу уақыт өтуімен серіппедегі серпімділік күшінің, тербелістегі орамдардың қозғалыс жылдамдығы мен үдеуі, олардың тепе-тендік қалпынан ығысуының өзгерісін көрсетеді.
Пайда болган орнынан алыстап кеңістікте таралған ұйытқу толқын деп аталады.
Бұл қарастырған жағдайда. пайда болған толқын тербеліс бағытымен бағыттас. Ондай толқындарды қума толқың деп атайды.
Қума толқындардан басқа көлденең толқывдар да пайда болады. Мысалы 17-суретгегі тәжірибені жасап, талдай ошрып қума толқынға анықтама береміз.
Тербелістері толқынның таралу багытына перпендикуляр болатын толңындар Ісөлденең толқындар деп
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>