МҚБЖ Access. Бағдарламаның мүмкіндіктері. Жаңа база құру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырып: МҚБЖ Access. Бағдарламаның мүмкіндіктері. Жаңа база құру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: МҚБЖ Access бағдарламасымен және бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру. MS Access бағдарламасында жаңа база құруды үйрету.
2. Дамытушылық: Өз ойын жеткізе білу және алғырлық қабілетін дамыту, пән бойынша білік - дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, эстетикаға, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, иллюстрациялық әдіс
Сабақта қолданылатын оқу-көрнекілік құралдары: ДЭЕМ, проектор, слайд, оқулықтар.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу және түгендеу, сыныптың сабаққа деген тазалығын тексеру
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақта бекітілген материалды қайталау ( үй тапсырмасын тексеру, сұрау)
1. Excel программасындағы функция дегеніміз не?
2. Функция жазылуы қандай бөлімдерден тұрады?
3. Excel-дің қандай стандартты функциялары бар?
4. Функцияны автотолтыру әдісі бойынша кестелеуге мысал келтіріңіз.
5. Excel-де сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімін табу үшін берілетін команда.
ІІІ. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұндамасы
1. Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік
Мәліметтер қоры - бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді.
Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: