н немесе басқа да программалық - аппараттық кешендермен байланыс түзіледі.
Мамандық саласына сәйкес ақпараттың өте үлкен көлемін тез арада өңдеп, пайдалану қажет болған жағдай - ақпараттық процестерді автоматтандыруды, яғни мәліметтерді жинау, тасымалдау, сақтау, т. с. с. мәліметтер қорымен жұмыс істеуді қажет етеді. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) арқылы мәліметтер қорымен жұмыс атқару - автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды талап етеді.
Мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
1. Программалаудың алгоритмдік тілдері - Бейсик, Паскаль.
2. Программалаудың ортасы көмегімен - Visual Basic, Delphi.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен - Access, FoxPro.
Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған МҚБЖ - нің ең танымал түрі - MS Access. Access мәліметтерді енгізу үшін әртүрлі қарапайым және ыңғайлы үлгілер құруға, мәліметтерді өңдеуге және күрделі қорытынды есепті қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Access программасының басты терезесі меню қатарынан, аспаптар панелінен, қалып-күй қатарынан тұрады. Меню жолы ағымдағы терезенің меню командаларынқ ұрайды. Олар:файл,түзету,түр, кірістіру, формат, жазбалар,сервис,терезе. Аспаптар панелі меню қатарынан кейінгі Access жұмыс аймағына дейінгі аралықта орналасқан. Қалып күй жолы Access терезесінің төменінде орналасқан. Ол команданың орындалу жұмысын және жүйенің ағымдағы жай күйін көрсетеді.
MS ACCESS-те 7 түрлі танымал объектілер бар.
Кесте - Мәліметтер қорының негізгі объектісі. Біріншіден кестеде МҚ- дағы барлық деректер сақталады, екіншіден кестеде қор құрылымы сақталады.
Сұраныстар - кестеден мәліметтерді пайдалануға тиімді түрде беру үшін арналған. Сұраныс арқылы деректерді сұрыптау, фильтрлеу сияқты
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>