Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер
Сабақтың жоспары:
Сабақтың кезеңдеріБерілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру18-20
5. Жаңа сабақты бекіту5-6
6. Үйге тапсырма беру1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км?
Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?
Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?
Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?
Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?
Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?
Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км?
Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тари
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>