дар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.
ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.
ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В. Беринг пен А. И. Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.
1803-1806 жылдар аралығында И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.
1819-1821 жылдар аралығында Ф. Белинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.
1909 жылы Американдық Р. Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р. Амундсен Оңтүстік полюске жетті.
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.
Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі арқылы
1519-1522
Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция Антарктика
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>