Математикалык ойындар мен тапсырмалар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

нің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.
Қимақ.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.
Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол "жеңімпаз" атанады.
Жұбыңды тап.
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал - жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 2010, 30, 50 20, 70.
Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі.
Мұғалім "жұбыңды тап!"- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.
IY. Логикалық есептер.
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
Бір айда 5 жексенбі бола ма?
Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл,Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
Бақытжанның 4 ұлы,олар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: