Математикалық Ғаламға саяхат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ета күтіп тұр.
Ұшқымыз келген әр жерде
Әп сәтте - ақ ұшамыз.
Бар ойынның бір сыры
Шапшаң бала озады,
Аңқау бала қалады.
1, 2, 3. Старт!
- Жарайсыңдар! Сендер - жақсы спортшысыңдар. Әр топ қызыл жұлдыздан алады.
Назар аударыңдар! "Ой қозғау" аялдамасына ұшып келеміз. Экипаж штурманы санауышты жақ!
Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!

"Ой қозғау" аялдамасы.
- Осы аялдамада сендер ғарыш туралы есептерді шығарасыңдар.
6 - тапсырма:
1. Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды. Ол Жер айналасын 108 минутта ұшып өтті. Жер айналасындағы ғарыштық ұшу неше сағат жіне неше минутқа созылды? (1 сағат 48 минут)
2. "Союз - 9" ғарыштық кемесі 18 тәулік бойы ғарышта болды. Ұшу неше сағатқа созылды? (432 сағат)
3. 1979 жылдың 25 ақпанында "Союз - 33" ғарыштық кемесі ұшты. Ұшу 175 күнге дейін созылды. Ғарыштық кеменің жерге орылу мерзімін атаңдар. (19 тамыз 1979жыл).
4. "Союз - 35" ғарыштық кемесі 1980ж. 10 сәуірінен 11 қазанды қоса ұшуда болды. Ұшу қанша күнге созылды? (185күн)
7 - тапсырма: "Жоғалған санды тап".

Назар аударыңдар! Енді біздің ракетамыз соңғы аялдамаға ұшып барады. Экипаж штурманы санауышты жақ! Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!

"Сиқырлы" аялдамасы.
- Біз осында немен айналысатынымызды кім ойлап тапты?
(Балалар математикаға байланысты ребустарды шешеді. )

8 - тапсырма:
Сандарға байланысты ребустар
9 - тапсырма:
Сөзжұмбақ шешу.
1. Қосудың компоненттері
2. Қыс айы
3. Жаз айы
4. Айырманың компоненттері
5. Ең кіші үш таңбалы сан
6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
7. Кемітетін амал
8. Уақытты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: