"Қызықты математика" факультатив сабағы 3 - сынып
Тақырыбы: Математикалық Ғаламға саяхат
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту; есептеу дағдыларын жетілдіріп, математика пәніне деген қызығушылығын ояту; жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың жабдығы: ракета моделі; үлкен қағазда белгіленген ұшудың жоспары; жұлдызшалар (қызыл, сары, көк).
Сабақтың барысы:
Экипаж командирі дайындығы жөнінде рапорт беріп, ракетаның үшуына секундтарды санайды.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.
- Жарайсыңдар! Біздің ракетамыздың стартына дейін 10 секунд қалды.
Санауышты жағыңдар!
Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Старт!
"Есептеуіш" аялдамасы.
- Балалар, сендер барлықтарың қазір - ғарышкерсіңдер. Ұшу кезіндегі сендердің ең бірінші сынақтарың - "Қай ракета жылдам?" сайысы. Қаламдарыңды дайындап, ережелерін мұқият тыңдаңдар.
Әр командир ішінде тапсырма жазылған ракета алады. Тапсырманы тез орындап, келесі оқушыға беруі тиіс. Соңғы тапсырманы орындаған экипаж мүшесі ракетаны орнына әкеледі. Егер экипаж тапсырманы тез және дұрыс орындаса, ол жұлдызшамен марапатталады (1 орын - қызыл, 2 орын - сары, 3 орын - көк жұлдызша).
1 - тапсырма:
1. 256 : 101 :: 2
6 :: (240 - ) 240
63 :: 9
54 :: 2
2. 740 180 560
( 60) 3 30
54 6
63 3
Экипаж командирлері ортаға шақырылады.
Әрбіреуіне тапсырма жазылған карточкалар таратылады.
- Назар аударыңдар! Старт! Есептеуге кірісеміз.
2 - тапсырма:
1. Наурыз, сәуір және мамыр - көктем айлары. Көктемде неше күн барын сана. (90 күн)
2. Баспалдақта
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>