Математика – тарихына тағзым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Математика - тарихына тағзым
Күні: 24. 11. 2016ж.
Қатысушылар: 5-6 сынып оқушылары.
Түрі: сыныптан тыс сайыс-сабақ
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедиялық құралдар,корточкалар, бейне баян, сайыс бойынша дайындалған слайдтар, ДК.

Сайыстың жоспары:
1-кезең. Таныстыру
2-кезең. Бейне баян
3-кезең. Математикалық сарқыт
4-кезең. Ұяшық танда
5-кезең. МатеМагиялық фокустар
6-кезең. Ойнайықта, ойлайық
7-кезең. Марапаттау

Сайыстың барысы:

1-кезең. Таныстыру.
Мұғалім:
Өмірде құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған математиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі біздің Математика - тарих
толқынында атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-ші топ " Ахмес ", 2-ші топ " Евклит ", 3-ші топ " Эйлер ".
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық

1-кезең. Таныст

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: