дактикалық ойынға анықтама
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
2) Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
3) Құрылымы
4) Сапалылығы
5) Түрлері және қолданылуы, теориясы
6) Даму деңгейлері
7) Бала ойынында педагогтың рөлі
ІІІ. Қорытынды бөлім
Дидактикалық ойынның маңызы
Эпиграф:
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
В. М. Сухомлинский
І. Кіріспе бөлім
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б. т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский "ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады"-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақл-ой жетекшісі.
Ойын-2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
ІІ. Негізгі бөлім
Дидактикалық ойындар
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>