Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

йындар мен ойын элементтері ендірілген сабақ үлгілері келтірілген.
Дидактикалық ойындарды құру принциптері
:: Балалардың іс-әрекетіндегі ойын түрлері мен оқуды байланыстыру.
:: Ойын тапсырмалары арқылы біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан оқу-тәрбие міндеттеріне көшу.
:: Ойынның шарты мен ойын міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
:: Берілген тапсырмаларды шешуде оқушының ақыл-ой белсенділігінің артуы.
:: Оқу мен тәрбие міндеттерінің бірлігі.
Дидактикалық ойындарды құру ережелері.
1. Ойын ережесі қарапайым, нақты тұжырымдалған болуы шарт.
2. Ұсынылған материалдың математикалық мазмұны оқушылардың түсінуіне жеңіл, қол жетімді болуы керек.
3. Ойын-ойлау әрекеті үшін қажеттілікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек.
4. Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар қолдануға қолайлы болуы тиіс, олай болмаса ойын тиісті нәтижесін бермейді.
5. Әр оқушы ойынның белсенді қатысушысы болу керек. Оқушының ойынға кірісу кезегін ұзақ күтуі баланың ойынға деген қызығушылығын төмендетеді.
6. Егер сабақта бірнеше ойын жүргізілсе математикалық мазмұны жағынан оңайы мен күрделісікезектесе жүргізілуі тиіс.
7. Математика сабағында ойналатын ойындардың ойындық сипатының белгілі бір шегі болу керек. Бұл шектен асқан ойынды оқушы тек қана ойын деп қабылдауы мүмкін.
8. Оқушы ойын процесі кезінде өзінің ой қорытындысын математикалық жағынан сауатты түрде жеткізе алуы керек, қысқа, дұрыс, нақты тілде сөйлеу керек.
Дидактикалық ойындардың классификациясы.
Ойын мақсатының басты ерекше белгілеріне қарап оларды шартты түрде классификациялауға болады.
:: Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған ойындар.
:: Теориялық білімдерін өзектендіруге бағытталған ойынд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: