Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы


Әрбір күн өзгеріске толы. Бүгінгі жауапты кезеңде күн талабына сай оқушыларға жан-жақты білім беру әр ұстаздың ең негізгі міндеті. Елдің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуі, ол ұстазға байланысты. Сондықтан да мұғалім әрбір сабақты түрлендіріп, оны оқушылар жалықпайтындай етіп өткізу керек. Оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беруі керек.
Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі.
Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады. Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Сол себепті бұл әдістемелік құралмұғалімдер қауымына көмекші ретінде ұсынылды. Мұнда тәжірибе негізінде жинақталған математика сабағында дидактикалық ойындардың мақсаттары, міндеттері, түрлері, құрастыру ережелері, қолдану әдістері келтірілген, кейбір о

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: