Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.
Физиканың 4 іргелі теориялары:
Классикалық механика теориясы;
Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
Электродинамика теориясы;
Кванттық механика теориясы.
Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.
Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.
ІV. Есептер шығару.
1-жаттығу.
1, 2, 3.
V. Пысықтау.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 9,10. 1-ж. 4, 5, 4-тапсырма.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: 11. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. 12Өлшеулердің метрлік жүйесі. 13. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.
Сабақ мақсаты:
Өлшеу дәлдігі мен аспап шкаласы бөлігінің құнымен байланыстылығы, өлшеулер жаңылысы, өлшемдердің метрлік жүйесі, сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.
Сұрақтар:
Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?
Физиканың ең іргелі теориялары қандай?
МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?
Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
Физикалық шамаларды өлшейт
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>