Математика пәнінен сайыс жоспары

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

алымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.
Р,Н
0 I, мм
ІV. Пысықтау.
Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
Болжам дегеніміз не?
Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?
Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?
Гук заңы қалай оқылады?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: 7,8.
7-сынып
Сабақ тақырыбы:9. 10 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.
Сабақ мақсаты:
1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.
Берілетін сұрақтар:
Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
Болжам дегеніміз не?
Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
Гук заңы қалай тұжырымдалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: