гмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.
Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.
IV. Пысықтау.
Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?
Диффузия деген не?
Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?
Диффузияның пайдасы ма? Зияны ше?
Диффузия құбылысынан заттың көлемі туралы, оны құрайтын молекулалар мен атомдардың ара қашықтығы туралы қандай қорытынды туындайды?
Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып қалатынын қалай түсіндіруге болады?
Көкөністерді, азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?
Диффузияның температураға байланысы бар ма?
Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы бар ма?
V. Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: 15. 6-тапсырма.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: 16. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Сабақ мақсаты:
Заттың күйлерін молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, ви
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>