з жайтты таба білуге үйретеді. Мұның техника мен ғылым үшін аса зор маңызы осы қасиетінде.
Қарапайым мысал келтірейік: бір бумада 20 кітап бар, қоймадағы осындай барлық бумалардың саны 150. Математикалық тұрғыдан барлық бумаларды шешіп, олардағы кітаптарды «жеке-жеке санап жатудың керегі жоқ. Көбейту амалы қоймада барлығы 20Х 1503000 кітап бар екенін көрсетеді.
Математика бұдан жүз жиырма жыл бұрын астрономдар француз Леверье мен ағылшын Адамсқа Уран планетасының қозғалысындағы шамалы ауытқудың себебі одан әрірек, Күннен қашықтау орналасқан белгісіз бір планетаның қозғалысы әсерінен болады деп тұжырымдауларына мүмкіндік берді. Олар бұл планетаны аспанның қай жерінен іздеу керектігін есептеп тауып, телескопты сол тұсқа бағыттап қарағанда жаңа планета көрінген. Олар бұл планетаға Нептун деп ат қойған.
Кей кездері математикаға ешбір қатысы жоқ болып көрінетін мәселенің өзі математикалық жаңалық ашуға әкеп соқтырады. Мысалы, бұдан 350 жыл бұрын өмір сүрген тамаша ғалым Кеплерді шарап саудагерлерінің формалары әр түрлі бөшкелерінің сыйымдылықтарын қалай анықтайтыны ойға қалдырған. Олар бөшкенің аузындағы тесіктен таяқ жүгіртіп, оның түбіне дейінгі аралықты өлшеген.
Кеплер саудагерлердің бөшке көлемін қалай анықтағанын көріп, формлары бөшке, алма, айва, тгпті түрік сәлдесі секілді заттардың да көлемдерін есептеуге арналған математикалық формула ойлап тапқан. Осы жайт кейіннен өзге ғалымдардың бұл күнде инженерлер мен физиктерге өте қажет жаңа математикалық ғылым — интегралдық есептеуді жасап шығаруларына көмектесті.
Орыс ғалымдары Н. Е. Жуковский мен С. А. Чаплыгин бұдан жарты ғасыр бұрын математиканың көмегімен самолеттің белгілі бір мөлшердегі жүкті көтеріп ұшуы үшін, оның қанатының формасы мен өлшемдерінің қандай болуы керектігін есептеген. Матем
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>