Математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

шешілетін есептер
Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы , яғни «Деңгейлеп оқыту технологиясы » еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Деңгейлік тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ , сөзжұмбақ , ребустар сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешіп , өтіп жатқан тақырыпты өзі қорытындылауға тырысады, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар қызығушылығы де күннен –күнге жоғарылай түседі. Демек , мұғалім берген тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруа отырып және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар, тапсырмалар ауқымы да өсіп , шығармашылыққа ұласады.
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика
Мектеп оқушылары кейде: «Маған математиканың керегі жоқ, өйткені мен тіл-әдебиет мұғалімі, артист, немесе суретші боламын»— дейді. Әрине, олардың бұлай деуі дұрыс емес. Бала кезінен бастап математикамен шұғылданған адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытады, мақсатына жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да мұғалімге де, дәрігерге де, артиске де және суретшіге де математика қажет.
Ежелгі гректер заманынан бастап-ақ математикамен шұғылдану адамды дұрыс және жүйелі түрде ойлауға, өз ойын тиянақты тұжырымдап айта білуге үйрететіндігі белгілі болған. Математика бізге айнала қоршаған сандар мен фигуралардан тұратын ерекше әлемнің құпия сырын ашып береді.
Адамның бұйымдарды қажетті ретпен топтау, санау, өлшемдері мен түрін табу, олардың өзара орналасу қалпын анықтау секілді жұмыстармен түйіспейтін қызмет саласын атау қиын. Қарапайым есептеу мен өлшеу — бұл әлі математика емес! Maтематика бізді керексіз қайта-қайта санаудан құтылуға, бұрыннан белгі-жайттар арқылы бізге белгісі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: