Математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қайролла М. М


Математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар
2-сынып

2015-2016 жыл
Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал математика пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектептің 2-кластарына арналған мемлекеттік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
«Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Осыған орай, оқу үрдісін оқу қызметіне сәйкестендіріп ұйымдастырса, оқушылыр өз мүмкіндіктерін одан да жоғары деңгейде жүзеге асырулары әбден мүмкін.
Әдістемелік құралда баланың ақыл – ойын, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасауға үйрететін деңгейлік тапсырмалар берілген.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің , ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ - барлық оқушылардың оқу мақсатында 100 қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.
Деңгейлік тапсырмаларға математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: