Тақырыбы: "Мақтақыз бен мысық бізде қонақта"
Білім беру саласы: "Таным", "Коммуникация", "Шығармашылық", "Денсаулық", "Әлеумет"
Мақсаты: жыл бойы өткенді қайталау. Геометриялық пішіндерді ажыратып, тура және кері санап, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, "Мақта қыз бен мысық" ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекіліктер: ойыншық мысық, қыз қуыршақ. "Мақта қыз бен мысық" ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.
қуыршақ, жалаушалар
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады.
Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді.
Балалар:
Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші:
Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс - әрекеті, бұл күні біз жыл бойы не үйрендік соларды есімізге түсіреміз.
- Мен сендерге "бүгінгі күндерін сәтті болсын!" деймін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
-Күз.
Тәрбиеші:
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Балалар:
-Үш.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар,балалар.
Тосын сый:
Есік қағылады. Мақтақыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақтақыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақтақыз бен мысық балалармен амандасады.
Тәрбиеші:
- Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер?
Мақтақыз: - Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.
Тәрбиеші:
- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>