>Әрлеу тігістері. Бөлшектерді және бұйымды түгелдей әрлеуге арналған. Бұл тігіспен алдыңғы және артқы бойдағы бедер сызықтарын тігуге пайдаланады.
Дәптермен жұмыс.
Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптар
1. Жіптің түсі бұйым матасының түсімен сәйкес болу керек.
2. Ішкі тігімдердің ұшын иінтіректің көмегімен машинаны артқа қарай жүргізіп бекітеді. Бекіту ұзындығы 0,7-1см болады.
3. Тігін машинасымен жұмыс аяқталғаннан кейін барлық уақытша тігілген тігістер алынады (көктеу)
Ү. Сарамандық жұмыс
1. Мұғалім тігістерді орындау технологиясын көрсетеді.
2. Оқушылар жоғарыда айтып кеткен ретімен тігістерді орындайды.
3. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қателерді түзеу.
ҮІ. Қорытынды
Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында кесте бойынша талқылау
Шарттары
Тапсырма
Түсінік, саралау, мысалдар
Білім
Жаңадан қандай тігіс түрлерімен таныстыңдар?
Түсінік, ұғынуы
Берілген білімді түсіндіңдер ме?
Оны қалай дәлелдейсіңдер?
Қолдану
Алған білімдеріңді қалай қолданар едіңдер?
Сарамандық жұмыс
Қабылдаған біліміңді сарамандық жұмыспен көрсете аласыңдар ма?
Дәлелдеңдер.
ҮІІ. Бағалау
Үйге тапсырма беру. Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптарды жаттау. Сабақта берілген үш тігіс түрін қайта тігіп келу. Ине,жіп,мата әкелу.
Жұмыс орнын жинастыру.
Страницы: << < 1 | 2 | 3