с істеу ережелері
Тігін машинасында орындалатын жұмыс сапалы және әдемі болуы үшін мынандай ережелерді сақтау керек:
1. Бұйым мен тігінші көзінің арасындағы қашықтық 30-40 см болуы, ал шынтақ машина платформасымен бір деңгейде жатуы керек.
2. Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға иіп, тік отыру керек.
3. Тігу барысында бөлшектерді машина табанына сол жаққа, тігілетін қосымшаларды оң жаққа қояды.
4. Жұмыс орынына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі қажет.
Тігін машиналарымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері.
1. Тігін машинасына отырмас бұрын, бұйымда түйрегіш немесе иненің бар-жоғына көз жеткізу.
2. Жұмыс барысында машинадан, әсіресе инеден көз тайдырмау, басқа нәрсеге алаңдамау.
3. Шашты көрсетпей,орамал тарту немесе кедергі келтірмейтіндей етіп жинап қою.
4. Ине, шөлмек немесе машинаның қандай да бірбөлігін ауыстырғанда, машинаны тоқтан ажырату(егер машина аяқжетектегі болса,басқыш табанынан аяқты алу)
5. Барлық керекті құрал-жабдықтарды, құрылғыларды арнайы жәшікке жинау.
6. Жұмыс барысында қайшыны немесе жіпті машина платформасына қоюға болмайды.
7. Машина жұмыс істеп тұрғанда майлауға немесе тазалауға рұқсат етілмейді.
ІІІ. Жалпы қайталау
Слайд
ІҮ. Жаңа сабақ. Кіріспе
Тігістер бөлшектің орындалуына қарай: біріккен тігіс, шеттік тігіс және әрлеу тігістері деп бөлінеді.
Біріккен тігістер. Мысалы, алдыңғы бойға, бүйір қиықтары мен артқы бойға, иық қиықтары мен жең қиықтарына және т. б. бөлшектерге біріккен тігістер жүргізіледі.
Шеттік тігістер. Шеттік тігістермен бұйым немесе бөлшек шеттерін, жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысын, сондай-ақ сетінеп кетпеуі үшін бөлшек шеттерін тігеді. Мысалы,бұйым етегі, жең аузы.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>