Сынып:5
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар. Осы шақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мамандық жайлы түсінік беру және олардың мамандыққа деген қызығушылықтарын ояту. Осы шақ етістіктерін дұрыс қолдана білуге үйрету.
Міндеттері:
- оқушыларды мамандықттың қыр-сырын түсінуге баулу;
- болашақта мамандыққа деген көзқарастарын қалыптастыру;
- Оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс-тісілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, жазба
жұмыстары,тексеру,көрнекілік әдісі, слайд, интерактивтік тақта.
Негізгі әдіс: ізденіс
Интеграциялық мүмкіндігі: орыс тілі
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Мотивациялық-қозғаушы.
-Армысың, Аспан-ата!
Армысың, Жер-ана!
Армысың, алтын Күн!
Күліп атты таң бүгін!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Бәріміз бірге қуанайық,
Бәріміз дос болайық!
- Сабақты бастар алдында, бір-бірімізге, көңілдерімізді көтеру үшін жақсы тілектер айтайық.
( білім, сурет, дәм мәзірі, шаш) тақтаға көмекші сөздерді іліп қою
1 кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Жұмбақты шешіңіз.
Білімнің дәмін тереді,
Балаға тәлім береді.
(ұстаз)
Адамның жүзін,
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?
( суретші)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес , бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
( аспаз)
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
( шаштараз)
- Жақсы, балалар, ендеше кім айтады?
Бұл сөздерді жалпы бір сөзбен айтқанда қалай атауға болады?
- Профессия.
II. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мамандықтар» деп аталады. Бүгін біз са
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>