реудің айтуымен өзгертер ме едің?
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тілектеріңіз және қосар үлестеріңіз туралы алақан салынған суретке тілек жазу.
Қорытынды: "Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі - жар таңдау, екіншісі - мамандық таңдау" деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау - жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай "болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз" дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі -- маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Страницы: << < 6 | 7 | 8